Зардап шеккендер жоқ. Қар көшкіні облыстық маңызы бар жолды басып қалған. Жол «Облшығысжол» ЖШС күшімен тазартылды.
Өңірде 2025 жылғы 17-20 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі жарияланды.
«ТЖМ тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көшкін қаупі бар көптеген ошақ автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамаңыз, қауіпті аймақтан жылдам кетуге тырысыңыз», — дейді төтеншеліктер.