Қазақстан тарапынан шараға Ұлттық Олимпиадалық комитеттің өкілдері – Спорт департаментінің басшысы Бектұр Қиятбай мен Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Анар Сыздықова қатысты.
Семинар барысында 78 ұлттық Олимпиадалық және 33 Паралимпиадалық комитеттің делегаттарына жарысқа дайындық барысы туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Олимпиада қалашығы мен қонақүйлердің жай-күйі, спорт нысандарының дайындығы, логистика, қауіпсіздік және цифрлық коммуникация мәселелері егжей-тегжей талқыланды.
Марапат пен жаңа спорт түрі
2026 жылғы қысқы Олимпиада 6–22 ақпан аралығында өтеді. Оған кемінде 3 500 спортшы қатысады деп күтілуде. Жарыс барысында 195 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Олимпиада бағдарламасына ски-альпинизм алғаш рет енгізілмек.
Италия — Олимпиада отаны
Бұл Италияда өтетін төртінші Олимпиада болмақ. Бұған дейін ел 1956 жылы (Кортина-д’Ампеццо), 1960 жылы (Рим), және 2006 жылы (Турин) Олимпиадаларды қабылдаған.
Милан – басты сахна
Милан қаласы Олимпиаданың негізгі орталығына айналады. Мұнда мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шорт-трек пен хоккей жарыстары өтеді. Қаланы абаттандыру жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Олимпиада қалашығы кейін студенттер жатақханасы ретінде пайдаланылмақ.
Сонымен қатар спортшылар қалашықтары Кортинода және Предаццода орналасады. Қалған жарыс орындарында қатысушылар тәжірибелі қонақүйлерде тұрады.
Жарыс кластерлері:
-
Кортина: тау шаңғысы (әйелдер), бобслей, скелетон, кёрлинг
-
Антерсельва: биатлон
-
Бормио: тау шаңғысы (ерлер), ски-альпинизм
-
Ливиньо: сноуборд пен фристайл
-
Предаццо: шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, қоссайыс
Тарихи жаңалық – төрт қалада бір мезетте ашылу салтанаты
2026 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты алғаш рет төрт кластерде бір уақытта өтеді. Олимпиада алауы Милан мен Кортинода қатар жағылып, негізгі салтанат «Сан-Сиро» стадионындаұйымдастырылады. Жабылу рәсімі Верона қаласында өтеді.
Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, дайындық мерзімінен кешікпей, белгіленген жоспарға сай жүргізілуде.
Фото: olympic.kz