Таиландтың метеорологиялық департаменті 28 наурыздан бері Мьянмадағы жер сілкінісінен кейін 100-ден астам афтершок тіркеген.
РФ ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар мен дәрігерлер мінген екі ұшақ жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Янгон қаласының әуежайына қонды. Ведомствоның мәліметінше, құтқарушылар өздерімен бірге іздестіру жұмыстарын жүргізуге қажетті жабдықтар мен құралдарды, соның ішінде эндоскоптар, акустикалық іздеу құрылғылары (4,5 метр тереңдікте көміліп қалған адамдарды анықтауға мүмкіндік береді), георадарлар және жылу камераларын алып келген.
«Центроспас» құтқарушылар тобы бірнеше учаскеде тәулік бойы жұмыс істеуге дайын. Оларға әуеден барлау мен мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін дрондар көмектеседі.
Сонымен қатар, Ресейдің ТЖМ Мьянмаға аэромобильді госпиталь мен дәрігерлер бригадасын жіберді.