Түркия үкіметінің Табиғи апаттарды басқару басқармасы (AFAD) таратқан мәліметке сәйкес, зілзала күші 4,9 баллды құрады. Жерасты дүмпулері Элязыг провинциясының орталығынан 44 шақырым қашықтықтағы Сивридже округінде орын алған. Бұл өңірде шамамен 400 мыңға жуық адам тұрады.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21:09-да тіркелді. Оның ошағы 11,3 шақырым тереңдікте болған.
Элязыг провинциясының губернаторы Нуман Хатипоглу X әлеуметтік желісіндегі парақшасында былай деп жазды:
«Қазіргі уақытта апаттың қандай да бір жағымсыз салдары туралы ақпарат түскен жоқ».