Оппозиция өкілі жемқорлыққа қатысы бар және Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясына қолдау көрсетті деген күдікке ілінді. Қазіргі таңда ол қамауға алынған. Сонымен қатар, тағы екі аудан әкімі де қызметінен босатылған.
Имамоғлудың уақытша қызметтен шеттетілуі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ыстамбұлдың орталығында мыңдаған тұрғын наразылыққа шығып, жағдай шиеленісе түсті. Құқық қорғау органдары шеруді күшпен таратты: 66 адам тұтқындалып, 5 полиция қызметкері жарақат алды.
Айта кетейік, Халықтық-республикалық партия (ХРП) Экрем Имамоғлуды президенттік сайлауға ресми кандидат ретінде ұсынған болатын.