Жерасты дүмпулерінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісі Қазақстан аумағында сезілмеген. Алайда қырғызстандық сейсмологтардың мәліметінше, зілзаланың эпицентріндегі тербеліс күші 4 баллға дейін жеткен.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат тіркелген жоқ.