Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жаңа цифрлық сервис «ТЖ ГАЖ» деп аталады.
«Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды болжау мақсатында «ТЖ ГАЖ» атты заманауи цифрлық платформа іске қосылды. Бұл сервис су тасқынына қатысты жағдайларды модельдеу арқылы тұрғын үйлердің су астында қалуына жол бермеуге, халықтың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ шұғыл құтқару және эвакуациялық шараларды уақтылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді», — делінген министрліктің хабарламасында.