2015 жылдан бастап өңірде 24 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеген, олар суды Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналынан 1 текше су үшін 78 тиыннан алып, ал шаруаларға бір гектар жер үшін 20 000-28 000 теңгеден берген, осылайша монополист рөлін атқарып отырған.
«Шаруа қожалығының меншік иесінің айтуынша, бір маусымда ол 60 гектар жерді суарғаны үшін 1 млн теңгеден астам ақша төлеген. Қалыптасқан жағдай, суармалы суды жасанды түрде жоғарғы бағаға көтермелеуі арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құқықтарының бұзылуына алып келді», — деп мәлімдеді антикор.
Шаруа қожалықтарының құқықтарын қалпына келтіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша облыс әкімдігі «Алматы облыстық Су шаруашылығы» коммуналдық кәсіпорны түріндегі су шаруашылығының бірыңғай операторын құрып, оның балансына барлық суару желілерін өткізді. Қазіргі таңда кәсіпорын арналарды тазартумен айналысып жатыр.
Сонымен қатар БАК пен шаруа қожалықтары арасында бастапқы құны 1 текше су үшін 70 тиын болатын шарттарды тікелей жасасу рәсімі басталды.
Сондай-ақ, АШК сыбайлас жемқорлық субъектісі болып табылмайтынын ескере отырып, облыс прокуратурасымен бірлесіп олардың қызметіне тексеру іс-шараларын жүргізу мәселесі талқыланып жатыр.
Нәтижесінде, биыл 30 000-ға жуық шаруа және фермер қожалықтары суды қолайлы бағамен алады, бұл болашақ егінге және ауыл халқының әл-ауқатына оң әсер етеді.