23 ақпанда «Қаламқас» тұрғын үй массивінде бір отбасының төрт адамына иіс тиіп, салдарынан олар уланып, оның үшеуі сол жерде жан тапсырған, екеуі — жасөспірім. Бір адам аман қалған, қазір ол ауыр жағдайда облыстық көпсалалы ауруханада жатыр.
Алдын ала болжам бойынша үйдегі жылу пешінде түтін шығатын мұржа болмаған. Соның салдарынан улы газ сыртқа тарамай, үйдің ішіне жайылған.