11 °c
Qonaev
Воскресенье, 11 мая, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

Шеңгелдідегі қоқыс 12 қыркүйекке дейін жиналады — ауыл әкімі

Бұған дейін редакцияның «Қоқыс толы стадион, жөнделмеген жол: Шеңгелдінің жағдайы қалай?» мақаласы жарық көрді.

by
08.09.2023
in Аймақ

Сол мақалада айтылған мәселелерге байланысты ауыл әкімі Мақсат Жазиев редакцияға хабарлама жолдады. Ең алдымен ол қараусыз қалған ғимараттағы қоқысқа байланысты жазған.

«22 мамыр күні ғимарат ішіндегі заңсыз төгілген қоқыс тазаланған. Бұл жайлы бейнематериал бар. Ғимарат «Шеңгелді су» мекемесіне тиесілі. Басшысы Д. Қарашашқа ғимараттың есіктерін қалпына келтіріп, аумағын қоршау керектігі ескертілген. Жақын орналасқан тұрғын үй иелерімен түсінік жұмыстарын жүргізіп, ескертулер берілген. 12 қыркүйекке дейін тазаланады», — деп жазды әкім Мақсат Жазиев.

Әкім қоқыс толы стадионның Қонаев қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансында екенін растады. Бюджеттен стадионды күтіп ұстауға қаражат бөлінбейді.

«Биылға дейін мектеп стадионы менің ұйымдастыруыммен және ақылы негізде қоғамдық қызметкерлердің күшімен тазаланып келді», — деді ол.

Әкімнің мәліметіне сүйенсек, тамыздан бастап қоғамдық жұмысшылар Қосқұдық ауылындағы мектептің ашылуына дайындалып, ғимараттың ішін тазалауға көмектескен. Сондай-ақ қызметкерлер көмекке Заречный ауылына жіберілген. Ал биыл тазалыққа жауапты жұмысшылардың саны былтырғыдан қарағанда 3 есе аз. Осы себептерге байланысты олар стадионды жаңа оқу маусымына дайындап үлгермеген.

«Шөп шабатын тракторы бар ауыл тұрғынымен келістік. Ол 10 қыркүйек күні мектеп стадионының ішіндегі шөпті шабады. Қазіргі таңда қоршау периметрінің бойындағы шөпті шабу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді әкім.

Ал қирап қалған воркаут алаңына келсек, әкім оны күтіп ұстау үшін қаржы қарастырылмағанын алға тартты. Шеңгелді ауылына шағын футбол алаңын салу үшін бюджеттен 15 млн теңге қарастырылған. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланған. 22 қыркүйекте тендер жеңімпазы анықталады. Үнемделген қаражатқа воркаут алаңын және Ехнич көшесіндегі балалар ойын алаңын жөндеу жоспарланып отыр.

Ойлы-шұңқыр жол болса, сорғы станциясы мемлекет меншігіне өткен соң ғана жөнделмек.

«№2 сорғы станциясына баратын тас жол 7 шақырымды құрайды. Бұл жол Қонаев қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансында. Қазіргі таңда №2 сорғы станциясын мемлекет теңгеріміне қайтару бойынша облыстық ауыл шаруашылық басқармасы жұмыс жүргізіп жатыр. Осы процесстен соң станцияны жөндеуге жоба дайындалады. Жоба ішіне жолды жөндеу де қосылады», — делінген хабарламада.

Пиязды жол жиегінде сату туралы әкім елдімекеннің кіреберісінде арнайы орын қарастырылғанын жазды. Учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, халыққа тас жол бойында жуа сатуға болмайтыны жайлы айтылып, ескертулер берілген.

Шеңгелді жайлы мақаланы толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз.

https://www.alataunews.kz/ajmaq/qoqys-toly-stadion-zhoendew-koermegen-zhol-shenggeldining-zhaghdajy-qalaj/

Tags: Алматы облысыБасты жаңалықтарқоқысШеңгелді

Ұсынымдар

Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі басталады

08.05.2025
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда алғаш рет шала туған сәбилерге соқырлықтың алдын алатын операция жасалды

08.05.2025
Фото: gov.kФ

Алматы облысында темір жол бойында адам денесі табылды

08.05.2025
Фото: ашық дереккөзден

Qazaq Air әуе компаниясының атауы өзгереді

08.05.2025

Қонаев қаласында Отан қорғаушыларға арналған салтанатты шара өтті

07.05.2025

Марат Сұлтанғазиев Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлерін құттықтады

07.05.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Арнайы жоба
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz