11 °c
Qonaev
Пятница, 9 мая, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Жетісу облысының командасы – жеңімпаз, Маңғыстау облысының шабандозы рекорд қойды.

by
19.09.2023
in Аймақ

Бүгін, 19 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 14-кезеңі аяқталып, тарлан тарихтың куәгері болған, руханияты жаңғырған еліміздің рухани астанасы Түркістан төрінде жеңімпаздар анықталды. Таңғы сағат 7:00-ден бастап соңғы 50 шақырымды еңсеруге аттанған 4 команда ішінде Жетісу облысының командасы топ жарып, мәре сызығын бірінші болып кесті.

Соңғы меже – Түркістан қаласына дейін ең қысқа уақыт ішінде жеткен Жетісу облысының командасы бас жүлде – 18 000 000 теңге (Регламентке сай) көлеміндегі жүлдемен марапатталады. Ақтөбе облысы командасы 2-ші орын үшін – 16 000 000 теңге, ал 3-ші орын иегері Алматы қаласының командасы 9 000 000 теңгені қанжығасына байлайды. Төрешілер шешімімен, мәреге 4-інші болып келген Абай облысының командасына 5 000 000 теңге берілетін болды.

Он төртінші күннің қорытындысы бойынша командалардың жалпы уақыты:

  • Жетісу облысы – 93 сағат 47 минут 43 секунд
  • Ақтөбе облысы – 95 сағат 06 минут 37 секунд
  • Алматы қаласы – 104 сағат 23 минут 57 секунд
  • Абай облысы – 112 сағат 12 минут 46 секунд

Сонымен қатар бұл кезеңде Маңғыстау облысының Адай жылқысы рекорд жасады. «Рекорд» командасындағы 21 жастағы Мағжан Абдолұлы 1300 шақырымның соңғы 50 шақырымын бағындыруға таңғы сағат 7:10-да аттанып, Түркістандағы мәре сызығын 08 сағат 44 минут 09 секундта бірінші болып кесті. Астанадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды басынан аяғына дейін 1 атпен еңсеруді мақсат еткен «Рекорд» командасының құрамы Астана қаласы, Маңғыстау мен Жетісу облыстарының шабандоздарынан құралған.

Финишқа жетісулық шабандоз екінші болып келсе, артынша астаналық шабандоз жетіп, «Рекорд» командасы діттеген мақсатын орындады. 1300 шақырымды 1 атпен бағындырған азаматтар 1-орын үшін 2,5 миллион теңге, 2-орынға — 2 миллион теңге, 3-орынға — 1,5 миллион теңге көлеміндегі сыйақы алады.

«Рекорд» командасының нәтижесіне тоқталсақ, Маңғыстау облысының жылқысы 1300 шақырымды 98 сағат 44 минут 47 секундта бағындырды. Ал Жетісу облысының тұлпары 100 сағат 04 минут 34 секундта еңсерді. Үшінші, астаналық сәйгүліктің уақыты 104 сағат 28 минут 11 секундты құрайды.

Сонымен бірге, командасы жарыстан шығып қалса да, жорықты өз еркімен жалғастырып, 1300 шақырымды жеке дара бағындырған 10 шабандоздың әрқайсысына төрешілер шешімімен 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйлық бекітілді.

Бұл ғана емес, екі апталық аламанға қатысып, аттылы шабандоздармен бірге 1 300 шақырымды бағындырған Бейнеу ауданының тумасы, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, елге белгілі велошабандоз Раббим Борашовқа да төрешілер “Ең үздік жанкүйер” номинациясын белгіліп, 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық тағайындады. Айта кету керек, Маңғыстаудың «Көкмойнақ» командасына жанкүйер велошабандоз бұған дейінгі марафон-бәйгеге қатысып, Түркістанға дейінгі 1 200 шақырымды бағындырған еді.

Жалпы 5-19 қыркүйек аралығында марафоншылар елордадан Түркістан қаласына дейін 1300 шақырымнан аса қашықтықты басып өтті. Марафон 14 сатыға бөлінген. Еліміздің 19 өңірінен марафонға 1 командадан қатысты. Марафонға қатысушыларға Ұлы Дала рухын сезінуге және киелі жерлеріміз – Жошы хан, Алаша хан кесенелері, түркі руханиятының бесігі Түркістан қаласы сияқты тарихи орындарға зиярат жасауға мүмкіндік туды.

Марапаттау рәсімі кешкі сағат 18:30-да «Түркістан-арена» стадионында өтеді.

Tags: Ұлы дала жорығы

Ұсынымдар

Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі басталады

08.05.2025
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда алғаш рет шала туған сәбилерге соқырлықтың алдын алатын операция жасалды

08.05.2025
Фото: gov.kФ

Алматы облысында темір жол бойында адам денесі табылды

08.05.2025
Фото: ашық дереккөзден

Qazaq Air әуе компаниясының атауы өзгереді

08.05.2025

Қонаев қаласында Отан қорғаушыларға арналған салтанатты шара өтті

07.05.2025

Марат Сұлтанғазиев Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлерін құттықтады

07.05.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Арнайы жоба
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz