Комиссия төрайымының берген мәліметіне сүйенсек қалада 34 сайлау учаскесі қызмет етеді. Оның ішінде, мектептерде 14 сайлау учаскесі бар, балабақшаларда 4, мектептен басқа білім беру мекемелерінде 1, мәдениет үйлерінде 2, спорт мекемелерінде 1, ауруханада 2, арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында 1, мемлекеттік мекемеде 2, жеке кәсіпорындардың нысандарында 4, әскери бөлімде 2, полиция бөлімінде 1 сайлау учаскесі бар.
Жалпы Қонаев қаласына 2 ауылдық округ кіреді. Шаһардағы сайлаушы саны — 48 502.
«Облыс орталығынан Мәжіліс парламентіне 9, облыс мәслихатына 5, Қонаев қалалық мәслихатына 39 кандидат тіркелген. Бүгін 253 маман елге қызмет етеді. Сондай-ақ 191 кандидаттардың сенімді өкілдері бар», — деді Эльмира Күздеубаева.