11 °c
Qonaev
Пятница, 9 мая, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Сұхбат

Алматы маңында жаңа қала пайда болады: Қонаев әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев «G4 city» жобасына кіретін Заречный ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиынға Қонаев қаласының құрамындағы Заречный мен Арна ауылының халқы қатысты.

by
04.11.2023
in Сұхбат

Шаһар басшысы жобаның артықшылықтарын айтып, ауылдың қандай өзгерістерге ұшырайтыны жайлы сөз етті.

«Тұрмыс-тіршілікте ешқандай қолайсыз жағдайлар орын алмайды — қазіргі әкімшілік және әлеуметтік инфрақұрылым алдағы уақытта да сіздерге қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда Заречный мен Арнаның ауыл статусы бар. Өзгерістерге сәйкес, бұл елді мекендер қала құрамына енеді. «G4 city» жобасы жүзеге асып, Бас жоспарын әзірлеу үшін шекараны белгілеу керек болды», — деді Нұрлан Құматаев.

Ал тұрғындар денсаулық сақтау, автомобиль жолдары секілді салалардағы мәселелерді қаузады. Оларға Алматы облысындағы басқарма мамандары жауап берді. Мысалы, Арна ауылының халқы дәрігерлік амбулатория жұмысы туралы айтты. Олардың сөзіне сүйенсек, Арнада 1000-нан астам тұрғын бар, ал штат бойынша халыққа 1 ғана фельдшер қызмет көрсетеді. Сондықтан олар медициналық көмек алу үшін Қонаев қаласына баруы қажет. Қаладағы көпсалалы ауруханасының директоры Айман Ракишева арнайы кесте дайындалып, амбулаторияда терапевт, педиатр, акушерлер кезекпен халықты қабылдайтынын атап өтті.

Сондай-ақ бүгінде ауыл халқы үшін өзекті мәселе — Алматы-Қонаев күре жолындағы жаяу жүргіншілер жолының ыңғайсыз салынуы. Жаяу жүргіншілерге арналған жол елді мекеннен 2 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауыл жұртшылығы әкімнен жолдың арғы бетіне өтетін ыңғайлы нысан салып беруге көмектесуін сұрап, мүмкіндік болса, бағдаршам орнату қажеттілігін тілге тиек етті. Себебі, мұнда жол-көлік оқиғалары жиі тіркеледі.

Бұдан бөлек, тұрғындар автобус қатынасы туралы мәселені көтерді. Өз кезегінде Нұрлан Құматаев мамандарға аталған түйткілдер жазылған Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

«Осы айда автобус паркіне жаңа көліктер сатып алынады. Сәйкесінше, қоғамдық көліктердің жүру кестесі мен қызмет сапасы артады. Республикалық маңызы бар жол туралы айтсақ, бүгін жауапты басқарма мамандары келді, жиналысқа қатысып отыр, солармен бірлесе шешім қабылдайтын боламыз», — деді шаһар басшысы.

Айта кетейік, 31 қазан күні қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХІІІ сессиясы өтіп, Қонаев қаласы мен Алматы облысындағы елді мекендердің шекарасын белгілеу туралы мәселе қаралды. Сонымен қатар сессияда Арна, Заречный ауылдарының 9757 гектар жерін «G4 city» жобасының құрамына енгізу жайлы шешім қабылданды.

Tags: Басты жаңалықтар

Ұсынымдар

Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі басталады

08.05.2025
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда алғаш рет шала туған сәбилерге соқырлықтың алдын алатын операция жасалды

08.05.2025
Фото: gov.kФ

Алматы облысында темір жол бойында адам денесі табылды

08.05.2025
Фото: ашық дереккөзден

Qazaq Air әуе компаниясының атауы өзгереді

08.05.2025

Қонаев қаласында Отан қорғаушыларға арналған салтанатты шара өтті

07.05.2025

Марат Сұлтанғазиев Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлерін құттықтады

07.05.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Арнайы жоба
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz