«Оның ішінде ең көбі – Орал популяциясының саны 1,13 млн, Бетпақдала – 745 300, Үстірт — 39 700 бас болып отыр», — дейді экологтар.
Естеріңізге сала кетейік, киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді.
Аталған жануарларды санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.